- Read Time: 1 min
- Просмотров: 145
Мәмбетәлі Нұрымбетов Оразбекұлы 1960 жылы 6 маусымда Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Туған жеріндегі №169 орта мектепті бітірісімен ДОСААФ –та оқып, жүргізуші мамандығын алып шыққан. 1979 жылы әскер қатарына шақыртылып, әскери борышын өтеуге Ауғанстанға жіберіледі. Әскерде атқыштар құрамасында болады. 1980 жылы 29 тамызда Базарак қаласында Мәмбетәлінің ротасы қоршауға түсіп, Мәмбетәлі екі жерден ауыр жараланып қаза табады. Марқұмның соғыстағы көрсеткен ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған.
Рашид Ниязов Мәжитұлы 1965 жылы 23 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Туған жеріндегі №31 орта мектебін тәмәмдаган соң, аудан орталығындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түсіп, жүргізуші мамандығы бойынша білім алады. 1983 жылы 13 қарашада Кеңес Армиясы қатарына шақырылады. Әскери борышын Одесса қаласында өтеп, Кабул қаласының Хвост селосына жіберіледі.
Қалекеев Жұмат Қасымұлы 1969 жылы 10 шілдеде Шиелі ауданының Телікөл ауылсоветінде дүниеге келген. 1976-1986 жылдары №155 «Ақтоған» орта мектебін бітіреді. 1986 жылы Телікөл совхозында жұмыс істейді. Туған жеріндегі орта мектепті бітірісімен кәсіптік-техникалық училищеде жүргізуші мамандығы бойынша білім алып, 1987 жылы бітіріп шығады. 1987 жылы әскер қатарына шақыртылып, әскери борышын Ауғанстан республикасында өтейді. 1988 жылы 30 қазанда Ж.Қ. Қалекеев басқарған машина өздерінің әскери тапсырмасын орындау барысында дұшмандардың қолынан қаза табады. 1989 жылы 4 сәуірде марқұмның ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады.
Аманжол Жанпейісов Ильясұлы 1961 жылы 29 қыркүйегінде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, Алматыдағы №48 қалалық кәсіптік-техникалық училищесінде байланыс - теміржолшы мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1981 жылы 4 сәуірде әскер қатарына шақырылады. 1981 жылы маусымда Ауғанстанға жіберіледі. 1982 жылы 30 наурызда шайқас үстінде қаза болды.
Аманқос Мұстафаев Амантайұлы 1962 жылы 7 ақпанда Арал ауданы, Сайгундин ауыл советінде дүниеге келген. 1969 жылы сегіз жылдық мектепте оқып, кейін 1977 жылы Арал ауданындағы №199 орта мектепте жалғастырады. 1979 жылы өзінің туған жері Сайгундин ауыл советінде почташы болып қызмет атқарады. 1980 жылы ауыл әкімшілігінің нұсқауымен Талдықорған облысындағы Зоотехникумға оқуға жіберіледі.





