- Read Time: 1 min
- Просмотров: 174
Бүгін – «Абай күні». 10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күні. Абай – түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады», – деп дара перзенттің даналық орнын айқындап көрсеткен еді. Тәуелсіздік тізгіні өз қолымызға тиіп, жыртығымыз бүтінделіп, жамауымыз жаңарып жатқан қазіргі заманда Хакім Абайға, ұлт мәдениетіне құрмет көрсетуді жалғастыра беру біздің перзенттік борышымыз екендігін ұмытпауымыз керек!
Баршаңызды мән-маңызы жоғары, рухани мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
2023 жылғы 30 наурызда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің мәжіліс залында «Архивтік анықтамалар беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру және жақсарту жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, мемлекеттік қызметті алудың тиімді жолдарын түсіндіру.
2023 жылғы 27 ақпанда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің мәжіліс залында «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының бастамасымен ел тарихындағы ерекше орын алатын тарихи-саяси кезеңдердің оқиғаларын, тарлан тарихымызды, тұғырлы тұлғаларымызды ұлықтау, құнды жәдігерлер қазынасы болып табылатын Ұлттық архив қорындағы құжаттарды пайдалану, жариялау, зерделеу, отандық ғалымдармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Төл тарихымыздың зерттелуі мен зерделенуінің ғылыми аспектілері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Бекболат Сүлейменов Жұмабайұлы 1960 жылы 25 маусымда Арал ауданында дүниеге келген. Туған жеріндегі №177 мектепті бітіргеннен кейін, Арал заводында слесарь болып қызмет атқарады. 1979 жылы сәуірде әскер қатарына шақырылып, әскери борышын пулеметші болып Ауғанстан даласында өтейді. 1981 жылы ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады.
Әнуарбек Өміров 1963 жылы 9 мамырда Қазалы ауданында дүниеге келген. 1970 жылы Ш.Уалиханов атындағы №26 қазақ орта мектебінің 1 сыныбына қабылданады. 1978 жылы осы мектептің 8 сыныбынан кейін аудан орталығындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түсіп, жүргізуші -элекрик мамандығы бойынша білім алады. Одан кейін темір жол су айдау бөлімінде машинист болып қызмет атқарды.





