- Read Time: 1 min
- Просмотров: 134
Өмірде өнегелі із, атадан балаға таусылмайтын мұра қалдырған данагөй бабаларымыз бен ата-ағаларымыз қазақ жерінде көптеп кездеседі. Қашан да ақыл-ойлы бабалардың, ел басқарған парасатты ағалардың өнегелі істері, жақсы сөздері ұмытылмастан ел есінде қалады. Сондай парасатты жандардың бірі Сырдың біртуар азаматы, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, қоғам қайраткері, облыстық кәсіптік-техникалық білім беру саласының майталманы С.Ысқақовтың туғанына биыл 105 жыл толып отыр.
2024 жылғы 10 қазанда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету», «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде құжаттарды жинақтау» тақырыбында облыс инспекция мамандарына семинар өткізілді. Семинарға 7 мекемеден 8 қызметкер қатысты. Семинарды Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева архив ісінің маңызын айта отырып, семинардың маңыздылығына тоқталды. Семинарда басшының орынбасары Ж.Алтынбаева, «Қоғамдық саяси тарихи архиві» филиалының басшысы Д.Құттықожаева, «Қызылорда қалалық архиві» филиалының басшысы А.Алпысбаева және архив қызметкерлері баяндама оқыды.
2024 жылғы 9 қазанда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету», «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде құжаттарды жинақтау» тақырыбында облыс департамент мамандарына семинар өткізілді. Семинарға 17 мекемеден 24 қызметкер қатысты. Семинарды Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева архив ісінің маңызын айта отырып, семинардың маңыздылығына тоқталды. Семинарда басшының орынбасары Ж.Алтынбаева, «Қоғамдық саяси тарихи архиві» филиалының басшысы Д.Құттықожаева, «Қызылорда қалалық архиві» филиалының басшысы А.Алпысбаева және архив қызметкерлері баяндама оқыды.
2024 жылы 27 қыркүйекте Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Сот әкімшілігі»департаменті қызметкерлеріне «Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау, сараптау өңдеу, есепке алу, «Е-Архив» ақпараттық жүйесімен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға 19 мекемеден 23 қызметкер қатысты. Семинарды Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева «Архив ісінің маңызы туралы» ашып беріп, архив басшының орынбасары Ж.Алтынбаева құжаттама жасау тәртібіне тоқталды.
2024 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы 4-тармағына және 2022 жылғы 5 қыркүйекте бекітілген «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының тұжырымдамасына сәйкес Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде жалпы орта мектеп оқушылары және орта оқу орнының студенттеріне «Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік күні өткізілді.





