- Read Time: 1 min
- Просмотров: 210
2023 жылы 22 қараша күні «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Арал аудандық архиві филиалына 60 жыл толуына орай «Архив-халықтың асыл қазынасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға Мәдениет қайраткерлері, ақын, сазгер Мұрат Сыдықов, Базар Қостаева, Мәдениет ардагерлері Жақсыбай Төребеков, Ранай Сатаева, ақын жазушылар Толыбай Абылаев, Ерғали Абдулла, өлкетанушы Үргенішбай Қуатов, архив ардагерлері Бекзия Жұбандықова, архив саласының үздігі, өлкетанушы Болатбек Қуатов, Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі, ауданымыздың Құрметті азаматы Нұралы Оспанов, қылқалам шебері Абай Әбішев , Арал аудандық оқушылар үйінің сахна тілі үйірмесінің жыр құмар жас өрендері , архив қызметкерлері қатысты.
Бүгін – ұлттық валюта күні. Төл теңгемізге 30 жыл толуда. 1993 жылы 15 қарашада еліміздің ұлттық валютасы - теңге айналымға енгізілді, бұл Қазақстанға нарықтық экономика құрып, оны дамытуға мүмкіндік берді. Осыған орай 2023 жылғы 15 мамырда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде «Жас архивистер және тарихшылар» клубының ұйымдастыруымен «Теңге – тәуелсіз Қазақстанның белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңге, ақша айналымы тарихынан мағлұмат беру, теңгеміздің қасиетін ұғындыру, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы 26 тамыздағы Архив мекемелерімен өткізілген республикалық кеңесі хаттамасына және 2022 жылғы 5 қыркүйекте бекітілген тұжырымдамаға сәйкес Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» тақырыбында архив саласының ардагерлеріне, жоғары және орта оқу орнының студенттеріне, мектеп оқушыларына ашық есік күні өткізілді.
Республикалық “Архив және болашақ ұрпақ” жобасы аясында 2023 жылғы 21 қыркүйекте Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде “Ашық есік” күні өтетіндігін хабарлаймыз.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып отырған баға жетпес асыл мұрамыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп бекітілді. Бұл мереке 1998 жылдан бері аталып келеді. Сол жылы қыркүйектің 22-і – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні болып жарияланды. 2017 жылғы «Қазақстан Республикасының мереке күндер тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің қаулысына сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйек болып белгіленді.





