- Read Time: 1 min
- Просмотров: 36
2026 жылы 29 сәуірде Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерлері А.Байтұрсынов атындағы № 211 орта мектебінде ұйымдастырылған «Тілге бойлау: Тіл білімі мектебі» жобасы аясында өткен «Тілді дамытудағы ынтымақтастық: бірлесе әрекет-нәтижелі болашақ» атты облыстық шараға «Алаш арыстары – ел тірегі» тақырыбында архив қоры құжаттарынан жылжымалы көрме ұйымдастырды.
2026 жылы 9 сәуірде Қызылорда облыстық, қалалық, аудандық ақпараттық технологиялар жөніндегі инспекторларына Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві ұйымдастыруымен «Архив саласында жасанды интеллектті тиімді пайдалану» тақырыбында оқу семинары өткізілді. Архив басшысы Ж.Абзалиева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылып өткендей жасанды интеллект архив саласына да қарқынды енгізіліп жатырғандығын,
2026 жылдың 31 наурызында М. Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледжінде «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық-саяси тарихы архиві» филиалы және Мұстақым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледжімен бірлесіп ұйымдастырған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Еңбегін ел мүддесіне арнаған» атты танымдық кездесу өткізілді. Мемлекет және қоғам қайраткерінің архив қорындағы жеке тектік құжаттарынан жылжымалы көрме, ЖИИ арқылы тұлғаны таныстыру ерекшеліктерімен өткізілді. Кездесу барысында баяндамалар мен үзеңгілес қызмет атқарған қоғам қайраткерлері естеліктер айтып,
Наурыз – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің түлейтін шағы ғана емес, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтатын ерекше күн. 2026 жылғы 18 наурызда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Наурыз: дәстүр және жаңару» атты мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт дәстүрін таныту және Наурыз мерекесінің тарихи-мәдени маңызын насихаттау. Тағылымды шарада Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева сөз алып жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесі екенін айта отырып,





