No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

10032026Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Жаңа мүмкіндіктер мен даму бағыттары» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға Қоғамдық келісім КММ директорының орынбасары, философия докторы (PhD) Д.Омаров, бөлім басшы Е.Есов және архив қызметкерлері қатысты. Жиында спикерлер елдің негізгі заңына енгізілген өзгерістерде білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар мемлекеттік негізгі басымдықтары ретінде айқындалғанын және бұл бағыттар адами капиталды дамытуға, елдің зияткерлік әләуетін нығайтуға негіз болатынын айтып, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Талқылау нәтижесінде Конституциялық өзгерістердің мәнін халыққа кеңінен түсіндіріп, азаматтардың референдумға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Мұндай кездесулер қоғамда ашық диалог қалыптастыруға және маңызды мемлекеттік бастамаларды жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді.

130220262026 жылдың 13 ақпанында «Руханият» орталығында орналасқан «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ –нің «Арал аудандық архиві» филиалы мен Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Тарихта таңбаланған тағдырлы жыл» тақырыбында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғандығына 37 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді.

50220262026 жылғы 5 ақпанда Арал қаласындағы Руханият орталығында «Арал аудандық архиві» филиалы Ауған соғысы ардагері Жұмашев Рысқұлдың жеке тектік құжаттарын архив қорына қабылдады. Іс-шара барысында ардагердің өмір жолын, Ауған соғысына қатысқан кезеңін, әскери қызметін және ел алдындағы еңбегін айғақтайтын құжаттар табысталды. Бұл жеке тектік құжаттар – ел тарихындағы маңызды кезеңді сипаттайтын, отансүйгіштік пен ерлікке толы өмір жолын кейінгі ұрпаққа танытатын құнды дереккөздер болып табылады. Аталған шараға кітапхана, Жастар орталығы және музей қызметкерлері қатысып, тарихи мұраны сақтау мен насихаттаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.

205 #АРХИВ САЛАСЫНА АРНАЛҒАН ЗАҢ ТУРАЛЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚУ# 27 қаңтар 2026 жылы"Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві" КММ-нің "Қоғамдық-саяси тарихы архиві" филиал басшысы Ақпанов Қанат Амангелдіұлы филиал қызметкерлеріне Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңдағы өзгертулер мен толықтыруларға құқықтық оқу өткізді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z980000326_

2012026 жылы 20 қаңдарда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Архивтік анықтама заңдылық және жауакершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, бірыңғай байланыс орталығының  бас мамандары, мемлекеттік қызмет алушы жеке тұлға,  Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің заңгері, «Е-Өтініш» жүйесіне жауапты және архив филиалдарының мемлекеттік қызмет беру бойынша мамандары қатысты. Мақсаты: мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, Халыққа қызмет көрсету орталығымен үйлесімді жұмысты нығайту және сұраныстардың қанағаттанарлық деңгейін арттыру.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

006698
Today: 12
Yesterday: 7
This Week: 12
Last Week: 70
This Month: 201
Last Month: 235
Total: 6,698