- Read Time: 1 min
- Просмотров: 138
Халықаралық архивтер апталығына орай, 10 маусымда Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу, сақталуын қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлерінің балаларына, ата-аналарының атқарып отырған жұмыстарымен таныстыру мақсатында «Архив: Ашық есік-ашық тарих» тақырыбында құжат сақтау қоймасына экскурсия ұйымдастырып, құжат сақтау тәртібін түсіндіріп, тігу, шаң-тозаңнан тазарту жұмыстары бойынша шеберлік сағатын өткізді.
9-13 маусым аралығында бүкіл әлем бойынша ұйымдастырылып жатқан Халықаралық архивтер апталығына орай, 11 маусымда Ақпараттық технологиялар бөлімінің ұйымдастыруымен И. Әбдікәрімов атындағы жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенттеріне құжаттарды цифрлы форматқа өткізуді практика жүзінде көрсету мақсатында практикалық сабақ және қала, аудан архив филиалдарына «Е-архив» ақпараттық жүйесіне құжат енгізуге құжаттарды өңдеу, pdf форматқа ауыстыру бойынша онлайн форматта семинар- тренинг өткізілді.
2025 жылдың 30 мамырында А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің «Қоғамдық-саяси тарихы архиві» филиалы қызметкерлері архив қоры құжаттарынан "Ғасырлық тарихтың куәсі - қазыналы мекен" тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылып, көпшілікке таныстырылды.
2025 жылы 15-16 мамыр күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Мемлекеттік архив: архив саласындағы менеджмент» тақырыбында өткен оқу семинарға Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева қатысты. Семинарда Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті басқармасының басшысы С. Н. Тащанова ҚР Ұлттық архивінің директоры С. Е. Нұрланова және білікті архив қызметкерлері “Архив ісі және құжаттаманы басқару саласындағы нормативтік-құқықтық актілер”, “Архив саласындағы менеджмент әдістері”, “Мемлекеттік есеп және Мемлекеттік қор каталогын жүргізу” және т.б. тақырыптарда өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қорытындысы бойынша әр өңірден келген қатысушыларға сертификаттар табысталды.





