No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

«Чернобыль: Ерлік пен Тағдыр» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

160420262026 жылы 16 сәуірде Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде Чернобыль электро станциясында болған апатқа 40 жыл толуына орай және Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігі мен еңбегін ұлықтау, тарихи жадымызды жаңғырту мақсатында «Чернобыль: Ерлік пен Тағдыр» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – Адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттың зардаптарын жоюға атсалысқан жерлестеріміздің ерлігін ұлықтау, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және апат құрбандарын еске алу.

Кездесуге Чернобыль ардагерлері, әскери бөлімше қызметкерлері, әскери кафедра студенттері, архив қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Шара аясында Чернобыль апаты салдарын жоюға қатысқан ардагерлер апат кезінде бастан өткерген қиындықтарын еске алып, сол кезеңдегі ел үшін атқарған қызметтерін баяндады. Олар бейбіт өмірдің қадірін бағалап, кейінгі ұрпақты отансүйгіштікке, бірлік пен жауапкершілікке тәрбиелеу қажеттігін атап өтті. Шара аясында Чернобыль апатының ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, олардың ерлігі мен еңбегіне тағзым ретінде арнау өлеңдер оқылып, архив қоры құжаттарынан дайындалған тарихи көрмелер таныстырылды. Чернобыль апатының зардаптары туралы деректі бейнеролик көрсетілді. Алдағы уақытта, ардагерлердің жеке құжаттарын жүйелі түрде жинақтау және мемлекеттік архив қорына қабылдау жұмыстары жүргізіліп, тарихи дерек ретінде сақталып, мұраны толықтыруға, сондай-ақ келешек ұрпаққа тағылымды деректерді жеткізуге мүмкіндік береді.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

006698
Today: 12
Yesterday: 7
This Week: 12
Last Week: 70
This Month: 201
Last Month: 235
Total: 6,698