- Read Time: 1 min
- Просмотров: 123
Серік Баймаханов Жұмабайұлы 1960 жылы 30 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қаладағы №253 орта мектепті бітірген соң, ПМК-1601-да тас қалаушы болып қызмет атқарған. 1978 жылы қазанда Қарулы Күштер қатарына шақыртылып, әскери борышын өтеуге Ауғанстан республикасына жіберіледі. 1980 жылы 11 мамырда Ауғанстан жеріндегі Хара қыстағында әскери тапсырмасын өтеу барысында ерлікпен қаза болады. Марқұмның соғыстағы ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған.
Жұмабай Әбілқасымов 1963 жылы 14 маусымда Қызылорда облысы , Сырдария ауданы, 1- Мамыр кеңшарында дүниеге келген. 1970 жылы №11 қазақ орта мекебінің 1-ші сыныбына қабылданып, 1981 жылы мектепті ойдағыдай бітіріп шығады. Мектеп бітірген соң, Сырдария аудандық ДОСААФ көлік мектебінен жүргізуші мамандығын алады. 1982 жылы Кеңес әскері қатарына шақыртылып, Ауғанстан Республикасына интернационалдық борышын өтеуге жіберіледі. 1983 жылы 15 ақпанда арнайы тапсырмамен колонна болып келе жатқанда, кенеттен дұшмандар шабуыл жасап, сол қиян-кескі шайқаста Жұмабай Әбілқасымов ерлікпен қаза болды.
Байданов Рысбай Үсенбайұлы 1968 жылы 1 ақпанда Қызылорда қаласында көп балалы отбасында дүниеге келген. 1984 жылы Қызылорда қаласындағы №212 орта мектепті ойдағыдай бітіріп, Қызылорда теміржол техникумына дейін локоматив депосында машинисттің көмекшісі болып жұмыс істейді. 1985 жылы көктемде әскер қатарына шақырылады. Алдымен 6 ай Ашхабадта, кейін Ауғанстанға жіберіледі.
Айсауытов Нұрлыбек Қасымұлы 1960 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы қыстағында дүниеге келген. Сол туған жеріндегі қазақ орта мектебін бітірді. БЛКЖО-ның мүшесі. 1979 жылы сәуірде Қарулы Күштер қатарына шақыртылып, әскери борышын Ауғанстан Республикасында атқыштар дивизиясында өтейді.
Нұрулла Абдулдаев Ибадуллаұлы 1961 жылы 26 шілдеде Қызылорда қалдасында дүниеге келген. Қызығы мол оқушылық өмірі қала орталығындағы №1 орта мектепте өтеді. Орта мектепті ойдағыдай тәмамдаған соң, сол жердегі ДОСААФ көлік мектебінен жүргізуші мамандығын алады. Осы мамандығы бойынша «Көлік қызметі агенттігінде» жүргізушілік қызмет атқарады.





