- Read Time: 1 min
- Просмотров: 147
2023 жылғы 10 ақпанда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай архив қорындағы ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгерлердің құжаттарын көпшілікке таныстыру, ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге, жастардың бойында патриоттық сезімін қалыптастыру, қайсар жауынгерлердің ерлігін үлгі ету мақсатында «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Сыр мәдениетінің қабырғалы қайраткері - Тынышбек Дайрабай Майлыбайұлын еліміздің еңкейген кәрісінен, еңбектеген баласына дейін біледі. Әсіресе, бұл есім сырбойылықтар үшін қымбат, құрметті. «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің «Қоғамдық-саяси тарихы архиві» филиалының архив қорындағы жеке тектік қор иесі Тынышбек Майлыбайұлы Дайрабай 1943 жылы 13 ақпанда Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы «Жаңаталап» ауылында дүниеге келген.
2023 жылдың 08 ақпанында «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің «Қоғамдық-саяси тарихы архиві» филиалының ұйымдастыруымен С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің 22-02, 22-07 оқу топтарының 1-2 курс студенттеріне «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» Ақмағамбетова Дариха Ақмағамбетқызының 80 жасқа толуына орай «Өршіл рухты- қайсар жан» және де зерттеуші, этнограф, жазушы,
1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға Кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, 1989 жылы 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Он жылға жуық өзге елдің мүддесін қорғаған Ауғанстан әскерлері құрамында Қазақстаннан 22269 жауынгер интернационалдық міндетін атқарды.
Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Кеңес әскелерінің жекелеген бөлімшелері Ауғанстан аумағынан шыға бастауы өте күрделі операция еді. Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғаныстан әскерлері құрамында Қазақстаннан 22269 жауынгер интернациональдық міндетін атқарды.





