- Read Time: 1 min
- Просмотров: 172
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың арманы, бізге аманат. Оны сақтау – әрқайсымыздың борышымыз. 2025 жылы 12 желтоқсанда Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайруллаев Қорғанбек Қайруллаұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномедиация кеңесінің мүшесі Жақсыбай Жакеев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы,
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – халқымыздың тарихи санасын жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын ерекше мереке. Осы атаулы күнге орай Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Тәуелсіздік – ұлт рухының биіктігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастрылды. Шараға қоғам қайраткері, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Сайлаубай Әбішев, «Парасат» орденінің иегері Асылбек Жұмабаев, филология ғылымдарының кандидаты, Желтоқсан оқиғасына қатысушы Гульмира Баялиева, «Өнер» мектебінің оқытушылары мен оқушылары және архив қызметкерлері қатысты.
25 қазан – Республика күні. Тәуелсіздігіміздің тұңғыш декларациясы қабылданған күн. 1990 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация – Тәуелсіздіктің бастауы болды. Сол күннен бастап халқымыз азаттықтың ақ таңының атарына сенді, болашаққа нық қадам басты. Республика күнін мерекелеу 2009 жылы ресми мерекелер тізімінен алынып тасталған еді. Алайда тарихи және мемлекеттік маңызы зор бұл күн 2022 жылы Мемлекет басшысының жарлығымен қайта жаңғыртылып, ұлттық мереке мәртебесін алды.
Қызылорда қаласының қатпарлы қазақ тарихында алатын орны ерекше. Қызылорда – қазақ халқының алғашқы өз еркіндігін алуының, ұлтымыздың «қазақ» деген атауға ресми түрде ие болуының тарихи белгісі. Биыл Қазақ Республикасының 1925-1929 жылдардағы астанасы болған Қызылорда қаласына 100 жыл толып отыр. Осыған орай 2025 жылғы 20 қазанда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен архив қоры құжаттарындағы деректер арқылы оқушылардың ғылыми зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, өңіріміздің жүз жылдық тарихын білу, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Тарих көшіндегі 100 жыл» тақырыбында ғылыми жоба байқауы өткізілді.
Бүгін облыс әкімі Н.Нәлібаевтің қатысуымен «Қызылорданың астаналық кезеңі: тарих пен тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Қайрат Тастекеев, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазақстанның Еңбек Ері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Ұлттық құрылтай мүшесі Асқар Жұмаділдаев, өнертанушы, Қазақстан Суретшілер, Кинематографистер одағының мүшесі Сәуле Қожықова, мемлекет және қоғам қайраткері Болатбек Қуандықов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, академик Берекет Кәрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Сұлтанәлі Балғабаев, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір, Анкара Хаджи Байрам Вели университетінің профессоры,





