No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

«Архив саласында жасанды интеллектті тиімді пайдалану» тақырыбында оқу семинары өткізілді.

90420262026 жылы 9 сәуірде Қызылорда облыстық, қалалық, аудандық ақпараттық технологиялар жөніндегі инспекторларына Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві ұйымдастыруымен «Архив саласында жасанды интеллектті тиімді пайдалану» тақырыбында оқу семинары өткізілді. Архив басшысы Ж.Абзалиева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылып өткендей жасанды интеллект архив саласына да қарқынды енгізіліп жатырғандығын,

сонымен қатар бүгінгі семинардың негізгі мақсаты – архив қызметкерлеріне заманауи технологияларды, оның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін таныстыру және оларды күнделікті жұмыс процесіне тиімді енгізу жолдарын түсіндірілетіндігін айтып өтті.Семинар барысында Ақпараттық технологиялар бөлімінің инспекторы Ш.Ахметова «Жасанды интеллект және архив» тақырыбында баяндама оқып, бөлім басшысы С.Жаңабаева жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы архив қорында сақталған құжаттардан виртуалды көрме жасауды практика жүзінде көрсетті. Семинар қонағы маркетолог, жасанды интеллект креаторы спикер Жунусова Жазира Кенжебекқызы семинарға қатысушыларға практика жүзінде жасанды интеллект архив құжаттарын тек сақтап қана қоймай, оларды жаңа форматта ұсынуға мүмкіндік беретіндігін, архив суреттерін сөйлетуді, жеке қорлардан бейнеролик жасауды, заманауи презентациялар дайындауды көрсетті. Семинарда спикер жасанды интеллектті қолданудың артықшылықтарына тоқталып қана қоймай, оның уақыт үнемдеу, адам факторын азайту және ақпаратқа қолжетімділікті арттырудағы маңызын атап өтті. Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай оқыту семинарлары архив саласының цифрлық трансформациясына серпін беріп, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

006698
Today: 12
Yesterday: 7
This Week: 12
Last Week: 70
This Month: 201
Last Month: 235
Total: 6,698